Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Жаңа жыл — жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайында Жаңа жыл мерекесіне арналған "Жаңа жылдың сиқырлы тамашалары" көрмесіне бөбекжайымыздың барлық тәрбиеленушілері өздерінің сиқырлы шыршалары мен Аққалаларын жасап, ұсынды. Көрме жұмыстарында небір әдемі шыршалар, Аққалаларды көруге болады. Біздің бөбекжайдың тәрбиеленушілері және ата-аналары көрмеге керемет заттар жасап, Жаңа жылдық ғажайып көңіл-күй сыйлады. Рахмет сіздерге!!! Жаңа жылдарыңызбен!!!!