Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт-тактикалық сабағы

15.01.2018

«Ақбота» бөбекжайында 15 қаңтар күні Щучинск қаласы жасаққа қарасты №19

мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау  подполковнигі Круглов Владимир Викторовичтің

басшылығымен №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт тактикасы бойынша

өрт-тактикалық сабағын өткізді.  Тәжірбиелік

сабақты жүргізуші №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер

азаматтық қорғау лейтенанты Жузбаев Ерлан Серикович өткізді. Өткізілген

тәжірбиелік сабақтың мақсаты: күзет қарауылындағы бөлімнің өрт кезіндегі

құтқару жұмыстарын жүргізуді 

жаттықтыру,  өрт сөндiру үшiн

қажеттi өрт-техникалық жарақтарды қолдану, пайдалану және де бөбекжай,

қызметкерлерін және  тәрбиеленушілерін

басқа жерге көшіру жағдайларын ұйымдастыру болып табылды. Бұл сабақта «Б»

оқпанымен жұмысты жүргізудегі көбiк немесе су шашу арқылы жоғары температураны

төмендету жөнiнде шаралар қолданылып және де 

тыныс алуға жарамсыз орта болғанда сөндiру жөнiндегi жұмыс оқшаушы

противогаздар арқылы жүргiзiлдi, түтiн сорғыштар және жарық беру құралдары

қолданылды, бөбекжай қызметкерлерін және тәрбиеленушілерді басқа жерге көшіру

жұмыстары жүргізілді.  Щучинск қаласы

жасаққа қарасты №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер

азаматтық қорғау лейтенанты Жузбаев Ерлан Сериковичтің басшылығымен өткізілген

бұл сабақта өрт қызметкерлері жоғары тактикалық шеберлiктерiмен, белсендi,

табанды iс-қимылдарымен,  шешушi бағытқа

күш пен құралдарды дер кезiнде шоғырландыруды енгiзумен, оларды шебер

басқарумен өздерін өз кәсібінің шынайы мамандары екенін көрсете білді.

Просмотров: 379

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст