Бүгінгі күнді Уәлиханов көшесіндегі І ересек «Көбелек» тобына арнаймыз. «Көбелек» ересек тобының тәрбиешілері Абдыкалыкова Д.С мен Накенова А.М сіздердің назарларыңызға түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуларды көрсетіп, ұсынады. Жаттығулардың пайдасы мен маңыздылығы өте зор екенін, әрдайым тәрбиеленушілерге айтып отырады.
Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қояды, баланың жайлап оянуына мүмкіндік береді. Бастапқы күйде арқасынан жатып, бетін, көзін уқалап ұйқысынан оянады. Қолы денесінің бойымен ұзыннан созылып, керіледі. Гимнастика кешені тұрақты. Ай барысында әуен ауыстырылмайды, жаттығулар ойын түрінде жүргізіледі. Жатттығулар кешенін 1-2 айда ауыстырып отырамыз. Түскі ұйқыдан әр бала жеке оятылады. Біздің топтың жас ерекшелігіне қарай орташа қиындықтағы жаттығулар өткізіледі. Төсектен жаттығу жасап тұрғаннан соң, арнайы аяққа арналған төсеніштер арқылы өткіземіз. Сергіту жаттығулары аяқталғаннан соң, міндетті түрде мәдени-гигиеналық талаптар орындалады.
Ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығуларының түрлері:
1. Төсек үсті жаттығулар мен өзін - өзі массаж
2. Табанға арналған кілемшелер үстімен жүру
3. Шынықтыру - сауықтыру
4. Музыкалық - ырғақты жаттығулар
Мақсатымыз: суық тиюге және майтабанға қарсы жаттығу жасау арқылы баланың денсаулығын нығайту,дене сымбатын жетілдіру ,қимыл- қозғалыс дағдыларын дамыту.