Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар- сергіту жаттығуларының бірі.

10.02.2021

Бүгінгі күнді  Уәлиханов көшесіндегі  ІІ ересек «Еркетай» тобына арнаймыз. «Еркетай» ересек тобының тәрбиешілері Рспекова А.К мен Балтабекова А.М сіздердің назарларыңызға түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуларды көрсетіп, ұсынады. 

Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін демалтуға, балалардың арқалары, қолдарындағы, табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату. Суық тиюге және майтабанға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту. Балалардың көңіл - күйін көтеру, мәдени - гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қояды, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береді – бастапқы күйде – арқасынан жатып, қолы денесінің бойымен ұзыннан созылып, денені еркін ұстап, тыныштықта болады. Гимнастика кешені тұрақты. Ай барысында әуен ауыстырылмайды, ал жаттығулар ойын түрінде жүргізіледі, жаттығуларды 1 - 2 айдан кейін ауыстырып отырады.  «Еркетай» тобында ұқсастықтары бойынша ең жеңіл, қарапайым жаттығулар жүргізіледі.
Тәрбиеші балаларды көтеріңкі көңіл-күймен оятады. Өйткені ұйқыдан оянған баланың бірінші көретіні - ол күлімдеген жылы жүзді адам.
Ұйқыдан ояту шаралары ересек топ балалары үшін 20 минутқа дейін созылуы мүмкін.
Ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығуларының түрлері:
1. Төсек үсті жаттығулар мен өзін - өзі массаж
2. Табанға арналған кілемшелер үстімен жүру
3. Шынықтыру - сауықтыру
4. Музыкалық - ырғақтық жаттығулар

 

 

                                                                   

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст