Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар- денсаулық шараларының бірі.

11.02.2021

        Бүгінгі күнді  Уәлиханов көшесіндегі  ІII ересек «Балдырған» тобына арнаймыз. «Балдырған» ересек тобының тәрбиешілері Бахтыбаева Ұ.Ш мен Мукажанова А.А сіздердің назарларыңызға түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуларды көрсетіп, ұсынады.  Жаттығулардың пайдасы мен маңыздылығы өте зор екенін, әрдайым тәрбиеленушілерге айтып отырады.                                          Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің!,-деп, баланың денсаулығын сақтау және нығайту, ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсарту,оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету деп мақсат қойылады. Балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсартып, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасап,  жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттырып, достық қарым қатынасын қолдау міндеттерін жүзеге асырады. Жаттығулар кешенді түрде ұйымдастырылады.

Түскі ұйқыдан кейінгі жатттығулардың негізгі кезеңдері:

1.Төсек үсті жаттығулары.

- Қолымен бетті сипау,  екі қолмен бетті сипау

- Кеудені сипау, оң және сол қолмен кеудені сипау

- Иықты көтеру, иықты жоғары төмен көтеріп түсіру

- Велосипед жаттығуы, қолмен аяқты жоғары көтеріп, аяқты кезекпен сермеу.

2. Алақан мен аяққа арналған жаттығулар

Ұсақ саусақ маторикасын дамытуға және майтабанның алдын алуға зор әсер етеді.

- Алақанға арналған «Кірпі» жаттығуы. Тікенек допты алақанға салып айналдыру.

- Табанға арналған жаттығу. Әр түрлі кедергілері бар кілемшелерді басып жүру.

- Бақайға арналған жаттығу. Балалар осы жаттығуларды жасап, ұйқыдан сергек оянып, күннің екінші жартысында көңілді жүреді.

 

Просмотров: 132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст