Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кіші "Нұрсәуле" тобындағы сенсорлық қызмет

24.02.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Нұрсәуле» тобының сенсорлық қызметі бойынша І – кіші «Нұрсәуле» тобында Таным саласы бойынша Сенсорика  ұйымдастырылған оқу қызметінде «Түрлі-түсті сақиналар» тақырыбын өткізілген оқу – қызметін назарларыңызға ұсынамыз.  

 

Оқу қызметі саусақ жаттығуынан басталды.

Саусақ жаттығуы.

Бас бармаққа қонаққа,

Үй есігі алдында,

Балаң үйрек, ортан терек,

Шылдыр шүмек асыға,

Ең ақыры кішкентай бөбек,

Есік қақты жайлана.

Бірге жүрсе саусақтар - мәңгі достар,

Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар! Саусақ жаттығуын балалар менімен қосылып жасады. Одан әрі слайд арқылы әр түрлі сақинаның түрлерімен таныстырдым. Балалар білгендерімен қосылып отырды. Балаларды үш топқа бөліп отырғызып қол маторикасын жаттықтыру ойындарын ойнаттым,-деп өз қызметіне талдау жасаған Кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиешісі Қасқырбаева Жұлдызай Жугериевна.

 

«Орнын тап» ойынында балалар берілген ойындағы түстерін айта отырып орындарына орналастыруды меңгерді, бұл ойында бала өз киімінің түймесін ағытып салуға үйренеді, бұл ойынды бір топ жасады.

Келесі топ «Ағытпаны сал» ойынын ойнады, онда берілген киімнің замогын ағытпа) ағытып қайта салу. Осы ойында бала өз киімінің замогын ашып, жабуға үйренеді. Үшінші топ «Бояда өшір» ойынын ойнады. Бұл ойында балалар берілген суреттерді бастырып салып, оны өшіріп қайта салады. Бұл ойындар баланың қол моторикасын жаттықтырып, салуға, тағуға үйретеді. Суретті сала отырып, балалар түстермен танысады, әр түстерді өз орындарына орналастыра отырып, есте сақтау қабілеттері дамиды. Оқу қызметінде сонымен қатар сергіту сәті болды, онда балалар музыкаға қосылып қимылдар жасап бой сергіту жаттығуларын жасады. Балалар оқу қызметіне өте қызу атсалысты. Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту өте қолайлы.Өйткені ойын – тәрбие құралы.Ол балалардың дүние танымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын арқылы балалар айналасындағы нәрселердің атын,болмысын ғана танып қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Сонымен бірге, ойын арқылы іс-әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып, танып біледі.

 

 

 

 

Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст