МКҚК «Ақбота» бөбекжайында дене тәрбиесінен ересек және ортаңғы топтарда жазғы сауықтырудан «Созылу жаттығулары» өтті. Мақсаты бұлшық етті, сіңірді созу, нығайту, шыдамдылықты дамыту болып табылды. Балалар нұсқаушымен бірге қол, омыртқа, аяқтын созу жаттығуларын жасады. Бұл жаттығудың пайдасы бала ағасының дамуына пайдасы өте зор.
Созылу жаттығулары иілгіштікті арттырып қана қоймай, дене белсенділігі мен қимылдарыңыздан ләззат алуға мүмкіндік береді. Бұлшықеттерді табиғи ұзындығына барынша біртіндеп созу арқылы тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартасыз және тіндерге қажетті қоректік заттарды жеткізу мен зат алмасу процесі қалдықтарынан тазаруын қамтамасыз етесіз.
Сонымен бірге буын сұйықтығы көбірек бөлінеді, ал буын сұйықтығы үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді.