Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түскі ұйқыдан баланы сергіту гимнастикасы

28.02.2022

     І ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовнаның  жетекшілігімен түскі ұйқыдан кейін балаларға әр түрлі жаттығулар жасатты.

    Жалпы айтқанда түскі ұйқыдан баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Осы жаттығу арқылы балалардың денсаулығы нығаяды, дене бітімі жақсарады, сонымен қатар балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығулар деп те айтуға болады. Ұйқы ашар жаттығуларын жасау балалардың қызығушылығын арттырады. Осыған орай төмендегідей жаттығулар жасатуға болады:

Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.

Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.

 

Просмотров: 139


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст