Дұрыс тыныстау үшін, тыныс алу бұлшық еттерін басқара білуге және жан-жақты дамыту қажет. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тыныс алу бұлшық еттері нәзік болып келеді, сондықтан да арнайы тыныс алу жаттығуларын жасау қажет. Балаларға мұрынмен демалуды үйрету, күрделірек демалу жаттығуларына дайындау. Тыныс алу жаттығулар кешенін құрастырғанда мына жағдайларды ескереміз:
- мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың дендерінің саулығы мен шынығудың әр балаға тиімділігі;
- бала жас ерекшелігіне сай жаттығулардың күрделілігі;
- жаттығулардың тыныс алу бұлшық еттеріне, өкпенің барлық желдететін бөлімдеріне жоғарғы тыныс алу жолдарына тигізер әсері. Балалар жаттығу барасында қағаздан жасалған гүлді алақанына салып, мұрынмен ауаны өкпені толтырып, қағазды үрлеп демді сыртқа шығарып алысқа ұшыруға тырысты.