II ересек «Көбелек» тобының тәрбиешілері тәрбиеленушілермен түскі ұйқыдан кейінгі іс-шаралар атқарылды, баланың денсаулығын сақтау және нығайту жаттығулары жасалды. Жалпы айтқанда, түскі ұйқыдан баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Осы жаттығулар арқылы балалардың денсаулығы нығаяды, дене бітімі жақсарады, сонымен қатар балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығулар деп те айтуға болады. Ұйқы ашар жаттығуларын жасау балалардың қызығушылығын арттырады. Балалар табанды шынықтыру массаждары «Балапандар серуенге шықты», «Табанға арналған денсаулық кілемшелермен жүру», «Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру», «Табандар" арқылы жүру жаттығуларын жасады.