Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ортаңғы «Нұрсәуле» және ортаңғы «Балдырған» топтарымен музыка оқу іс әрекетінде «Қыз қызығы» тақырыбында «Борандағы аққала» тыныс алу жаттығуы

12.01.2023

Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады.

Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті оқу іс әрекеті кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі. Тыныс алу жаттығуларын орындау барысында баланың ділі дамиды,сонымен қатар музыка іс әрекетінде әннің сөзін дұрыс нақты орындап шығуына маңызды роль атқарады. «Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшісі Шайкенова Әсемгүл Серғалиқызының ұйымдастырумен ортаңғы «Нұрсәуле» және ортаңғы «Балдырған» топтарымен музыка оқу іс әрекетінде «Қыз қызығы» тақырыбында «Борандағы аққала» тыныс алу жаттығуы өткізілді. Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады. Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Орындалу уақыты - 5 мин. Жаттығу түтікше арқылы суреттегі Аққала қолдан жасалған қарды үрлеген кезде боран соғады. Балаларға қызықты ойын түрінде өткізілді. Балалар жаттығуда белсенділік танытып, орындап шықты.

Просмотров: 92


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст